Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Ең терең идеялар - қиын идеялар. Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді. Жазушының бір міндеті - идеяны ашу емес, оны..
©  Асқар Сүлейменов
Ақынды прозамен тексеріп алса - теріс емес.
 
©  Асқар Сүлейменов
Текстің дәмін алудың төте жолы - талмай оқу.
 
©  Асқар Сүлейменов
Ойдың жанарға жеткен жылтылындай – жанардың жарығы да жанға түседі.
 
©  Асқар Сүлейменов
Ой ойнамай – сөйлем жоқ.
 
©  Асқар Сүлейменов
Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.
 
©  Асқар Сүлейменов
Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кейбір адамдардың бағасын жауының санымен де өлшеуге болады.
 
©  Асқар Сүлейменов
Сөз - құлын да, ой - жылқы.
 
©  Асқар Сүлейменов
Шын режиссура – жүрек сияқты: соққаны білінбейді.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кем талант - кемтар талант.
 
©  Асқар Сүлейменов
Кем талант - мүмкіндігінше, шын талант - қалағанынша жазады.
 
©  Асқар Сүлейменов
Адамның адамдығын - оның басқаға, басқаларға шын зәрулігімен өлшеуге болады.
 
©  Асқар Сүлейменов
Тіс тимеген шөп жесір, құс қонбаған көл жесір.
 
©  Асқар Сүлейменов
Өмір – өнер болғанда, өнер – өлшем. Өнер – өлшем болғанда, өлшем – үнем. Ал үнем – тірліктің күре тіні.
 
©  Асқар Сүлейменов
Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.
 
©  Асқар Сүлейменов
Тірлік кешкен адамның сол тірліктен алып кетері – жат тізені кеудесіне шығармау.
 
©  Асқар Сүлейменов
Стилі жоқтың жазғанын оқу - арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы - іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да..
©  Асқар Сүлейменов
Ашық айту - анық айту болғанымен, ақиқатты айту емес.
 
©  Асқар Сүлейменов
Қаланың паспорты – такси мен базар.
 
©  Асқар Сүлейменов
От пен түтін, адам мен қылмыс – жатырлас.
 
©  Асқар Сүлейменов
7 сөздің басын әзер қосарға 70-ақ сөзден тұратын сөйлем тағылық көрінеді. Мұнысы дұрыс та: ешкі – танауына алма сыяр алпауыттың қарымын қайдан..
©  Асқар Сүлейменов
Ай айнасын бұлт басса, жан айнасын мұң басқан.
 
©  Асқар Сүлейменов
Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.
 
©  Асқар Сүлейменов