Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Алғашқы қоңырау
Ол да бізді күтеді,Айқара ашып есігін.Дүрсілдейді жүрегі,Бар баланың осы күн.
Алғашқы қоңырау
Жаз қызығы телегей,Мүмкін емес тауысу.Сәті туды мінекей,Мектебіммен қауышу.
Ұя салды
Құс қанатын қақты,Біздің ауыл жақты.Ұя жасап жайлы,Балапанын бақты.
Бала тілегі
Соғыс мүлдем болмасын,Бейбітшілік орнасын.Елбасымыз аман болып,Қазақ елін жайнатсын!Аман болсын елім,Аман болсын жерім.Аман блсын барлығы,Аман болсын..
Күз келді
Келді міне күз,Айнала сары түс.Керемет, тамаша,Қандай әсем күз.Жеміс-жидек пісті,Қамбаға астық түсті.Қызу жұмыс басталып,Жинап алды жан салып.
Елбасы біздің атамыз
Жетелеп елді заңғарға, Қуанышты таңдарға. Елбасы біздің атамыз, Балайтын ұлы хандарға.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент— Елбасы
Елім үшін жаралған, Ойында көп сан арман. Назарбаев — Елбасы, Халыққа жол таба алған.
©  Жібек Ысқақова
Назарбаев — Елбасы
Назарбаев — Елбасы, Елдің қамын ойлайтын. Ең алғашқы президент, Тарихпен бірге толғайтын.
©  Жібек Ысқақова
Елбасы біздің мақтанымыз
Қазақ үшін туған жан, Белін бекем буған жан. Халқы үшін Елбасы, Бар жақсыны қылған жан.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент — Елбасы
Елінің сүйген адамы, Оң болып басқан қадамы. Елімді бастап Елбасы, Жеткізді күнге бағалы.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент ғажайып
Ең алғашқы — Елбасы, Президенті қазақтың. Елімді шыңға жетелеп, Тудырған жан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президентіміз
Назарбаев, Нұр ағам, Халқын сүйіп, тыңдаған. Өлеңдетіп Елбасы, Туған жерін жырлаған.
©  Жібек Ысқақова
Назарбаев атамыз
Әр ісін жасар ұқыпты, Дана жан әрі дара жан. Назарбаев атамыз, Қазақ үшін жаралған.
©  Жібек Ысқақова
Елбасы — елдің ағасы
Елбасы — елдің ағасы, Қорғаны және панасы. Елімізді шет елге, Танытқан қазақ баласы.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаевқа тақпақ
Азаттық мәңгі орнасын, Жаратқан ием жар болып. Тоқаев ата қолдасын, Шырайлы атар таң болып.
©  Жібек Ысқақова
Президентіміз — Тоқаев
Шырқалып біздің әнұран, Көрінсін биік шыңдардан. Тоқаев ата аман боп, Орындалсын ізгі арман.
©  Жібек Ысқақова
Жасасын президентіміз — Тоқаев
Жасасын көк туымыз, Көк аспанда желбіреп. Президентіміз Тоқаев, Жасасын, тұрар елжіреп.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев, біздің президент
Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент, елдің мақтаны. Халқымен бірге, дем беріп, Ататын елдің ақ таңы.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев туралы тақпақ
Тәуелсізгіміз жасасын, Отыз жылдықты еңсерген. Тоқаев ата жасасын, Қазағыма дем берген.
©  Жібек Ысқақова
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаевтай ер барда, Қазағым шығар заңғарға. Президентіміз жасасын, Жетелеп бізді таңдарға.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев, президентке арналған тақпақ
Қасым-Жомарт Тоқаев, Президентіміз жасасын. Бейбіт күндер жалғасып, Аталар берсін батасын.
©  Жібек Ысқақова
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына
Елбасыдан кейінгі, Президентіміз Тоқаев. Ел теңдігі жалғасып, Өтуде күндер ғажайып.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев, президентке тақпақ
Қасым-Жомарт Тоқаев, Президенті қазақтың. Президенттің арқасы, Жалғасып жатқан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Ана
Ана деймыз барымызде анкылдап ана деген жас  сабидын анасы ата ананы курметтейык барымыз жумактын кылты  аналардын астында .
Тәуелсіздік күніне 30 жылына тақпақ
Жасай бер елім, қазағым, Еселеніп ғажабың! Отыз жылдығың құтты боп, Кіре берсін ажарың!
©  Жібек Ысқақова