Түлкі туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 34
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 49
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 14
Ертегілер: 31
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Сұлулығы өзінің,Құрты болар көзіңнің.(Түлкі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қызылдығы жүнінің,Қысқартады ғұмырын.(Түлкі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ертегі көп ол жайлы,
Жүрген жерін алдайды.
Қатысы бар ал оған
Білесің бе Мыржайды?

Жауабы: Түлкінің баласы
Ыржияды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.

Жауабы: Түлкі
Бұлаңдаған құйрығы –
Бір алдарлық қулығы.

Жауабы: Түлкі
Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген.

Жауабы: Түлкі
Жақпар тастың астында
Қызыл тонды қыз жатыр.
Ыржаяды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.
Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?
Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу