Бөлім: «Аңыздар»
Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Жанғара күйші
Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып алып:— Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жаңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жамал-ай!
Ертеде бір байдың қызына есігінде жүрген қойшының баласы ғашық болыпты. Жастайынан бірге өскен жарлының баласын байдың қызы да ұнатады екен. Ер..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалтаң қарға
Жапан далада өлексеге қонып, жемтік шоқыған қарға балапандарына ақыл айтыпты, деп басталады аңыз. «Балапандарым, мен қартайдым! үш жүз жасқа келдім...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалқы жігіт
Қоралы жылқы біткен жалғыз жігіт жылқысын бағып жүргенде, тосыннан келген жау жылқысымен қоса өзін де қолға түсіреді. Жау қолынан құтылудың амалын..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалды қара
Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы былай болыпты:Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген халыққа беделі бар, ауқатты адам..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалғыз көзді әулие
Баяғы өткен заманда бір асқан байдың бар жылқысын жау барымталап алып кетіпті. Бай не істерін білмей қайғырып жүргенде, бір әйел жолығыпты:— Бай-еке..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалғыз жігіт (ІІІ нұсқа)
Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Байдың да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалғыз жігіт (ІІ нұсқа)
Ертеде ешбір туыс-туғаны жоқ бір жалқы жігіт болған екен. Жалғыздық мұңын ешкімге айта алмағандықтан домбыра мен сыбызғыны ермек етіп, ішкі дертін..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалғыз жігіт (І нұсқа)
Бір жылы Ертіс өзені өткел бермей Қара айғыр деген жерден ел тосылып, төрт түлік мал неше күн иіріліп күйісі кетеді. Ел ағалары бұлай ширыға бермей..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жалғыз аяқ
Бағаналы Сандыбайдың Ерденінің баласы қайтыс болғанда Ықылас өзінің «Ерден» деп аталып кеткен жұбату күйін тартқан. Сол жолы Ықыластың арқалы өнеріне..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жақсы Жанайдар (ІІ нұсқа)
Бұхар ханы Абылай ханға айтты:— Маған қызын жіберсін!Қырық биі мен қызын жібереді: алты қанат ақ үй менен, он нарға жүк артып.Бұхар ханы қырық биден..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жақсы Жанайдар (І нұсқа)
Күлік баласы Тілеуімбет, мұнан туған — Күнту, мұнан туған — Жанайдар. Бұл Жанайдар — Абылай хан заманында жас бала. Жұрт аузында «Жақсы Жанайдар»..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ескелдінің шарапаты
Қалмақпен соғысқанда көп ерлік көрсеткен Ескелдіні 1750 жылдары жоңғарлар қолға түсірген көрінеді. Сонда Ескелдінің аш қалған мысығы етті ұрлап..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ескелдінің ерлігі
Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сезген Абылай сарбаздарына: «Қыспаққа түскелі..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ескелдінің ер атануы
Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас болып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ескелдінің бір ерлігі
Ескелдінің үлкен атасы Жанғабыл батыр әйгілі Әлібекұлы Төле бимен бастас, қадірлес, құда болған. Төле бидің Ұлбике деген қызы Ескелдінің анасы...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ескелдінің әуестігі
Алдына жүгініп келген адамдарға Жанғабыл би ұдайы ағыл-тегіл сөз түйдектерін төгеді екен. Сонда 11-12 жастағы Ескелді бала:— Ата, бұл өз тақпағыңыз..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Есенкелді би
Есенкелді Құдайназарұлы — Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Есабыз
Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер, әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні Оқшы ата Есабызға аян береді:«Пәниліктен..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ертіс толқыны
Мал шаруашылығымен күн өткізген қазақ халқының Ертіс бойын мекендейтін бір тобы құнарлы өлкені құтты қонысқа балап, ұзақ жылдарын сол арада өткізеді...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Еркеатан (ІІ нұсқа)
Баяғыда шал мен кемпір болады. Олардың жалғыз қызы, мал дегенде, боталаған түйесі бар екен. Қыз бала ерке атанға бауыр басып, әбден үйренісіп кетеді...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ерке бұлан
Ертеректе Алтай тауларында бұғы тектес аша тұяқты, күйіс қайыратын, тұр-тұлғасы көркем, шоқтығы биік, түсі кер қызыл бұлан деген аң болған. Бір кезде..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ерден күйі (ІІ нұсқа)
Ықыластың туған жері — Тама әкімшілік тұрғысынан ол кезде Ақмола уезіне бағынатын. Ояз бастығы, басқаша айтқанда «дуанбасы» Ерден деген біреу болады...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ерден (I нұсқа)
Бірде Ерден жапсар жатқан Таманың Қазы деген әлдісімен қырбай болып, қыр көрсету үшін алалы жылқысын ойсырата айдатып алады. Жылқышылар дереу із..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ер Тарғын туралы аңыз
Ер Тарғынның әкесі жарлы, қара кедей Қарсы деген кісі екен. Сол кісінің тек малдан тауығы болыпты. Тауығының жұмыртқасымен күнелтіпті. Сол кезде жұрт..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті