Бөлім: «Аңыздар»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Қазан
«Қазан» күйіне қатысты ел ішінде мынадай бір сөз бар. Ықылас өз кіндігінен Түсіпбек, Мақұлбай, Ақынбай деген үш ұл көрген. Үшеуі де әке өнерін шашау..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ-қырғыз достығы
Бір жолы Әшімнің Құлжадағы қазақ-қырғыз ұйымшасында тұрған кезі екен. Әшімнің жақын досы, қырғыздың атақты күйшісі Асанәлі екеуі бір қырғыз семясында..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ пен қалмақтың күйі
Қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілігі көп заманда екі елді егестірген мәселенің түйіні ұдайы найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ғана шешіліп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаз дауысты Қазыбектің тоғыз жастағы билігі
Қоңыр күздің жаймашуақ күндерінің бірінде ауыл ақсақалдары Келдібек биді ортаға алып, төбе басында отырады. Алыстан арнайы келген бес-алты жолаушы ат..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаз дауысты Қазыбек шешен жайында
Ертеде Қазыбек би нөкерлерін ертіп Әнет бабаның үйіне келіп түседі. Қарт бұрынғыдан ежептәуір қартайып қалса да, сыр білдірмейді. Қазыбектің..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаз дауысты Қазыбек туралы
Атақты Мөңке бидің қартайған кезі екен. Жанында екі атқосшысы бар, жасы он алтыдан жаңа асқан тұрымдай мүсінді, қырғи тілді қара бала үйге рұқсатпен..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қаз дауысты Қазыбек би (V нұсқа)
Қоңтожы деген қалмақтың ханы қазақтардың малын тонап кетеді. Бірер жыл арада өткен соң, қазақтар бас қосып, небір шешен, билерді сыннан өткізіп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қағытпа
Өзі күйші, өзі сері бір жігіт жұрт қарағандай жорға атын жоғалтып, іздеп жүріп бір ауылға тап болады. Бейтаныс ауыл болған соң үй таңдап жүрсін бе..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қабанның Алтай өңірінде көзге түсуі
Күн өте келе Қабанның қайраты ел көзіне түсе бастайды. Ол кезде Алтай елі де үнемі монғолдармен жауласып тұрады екен. Бір ретте монғолдар Алтайдағы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қабанбайдың батасы
Абылай ханның заманында қазақ жұртынан шыкқан батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек. Шақшақұлы Жәнібек, Көкжарлы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қабан ақынның сыны
Жетісудің әйгілі батырлары Өтеген, Райымбек Қарашпен тұстас екен. Өтеген батыр жерұйықты іздеп, жапанды аралап еліне оралғаннан кейін Дулат Қараш..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Күй сандық
Жаугершілік заманында бір ақсақал адам торғауыттардың қолына түседі. Торғауыттар оны ауылына әкеліп, аяқ-қолына кісен салып тастайды. Сол кезде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Күй құдіреті
Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Күзетші қыз
Көгілдір ай сәулесі түсіп тұр. Жайлаудың жалпақ беткейіндегі ұйқыға батқан ауылдың солтүстік астырты теріскейлі бүргені қалың болып, осы шытырманның..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көш келді
Бежең үлкен ұлы Қара Оспанға қалыңдық айттырып, келін түсірер кезде, ырым жасап баласын қайнына аттандырады. Құда жақ қыз ұзату тойын жасап келінді..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көрұғлы (II нұсқа)
Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып отыратынын, қоңсылық қайырымды..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көрұғлы (I нұсқа)
Дәулеткерейдің Көрұғлы күйінің аңыз-әңгімесі орта Азия халықтарының арасында кеңінен таралған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көкіл (Көкейге түскен Көкілжан) (ІІ нұсқа)
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Қарақамыс аулының тұсынан өтіп бара жатып, белгілі..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көкіл (I нұсқа)
«Көкіл» күйіне қатысты ел ішінде аңыз-әңгіме көп. Соның бірі Қазанғап пен Үсен төренің алғаш кездесуіне байланысты айтылады. Бірде Қазанғап ел аралап..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көкейкесті (ІІ нұсқа)
Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көкейкесті (І нұсқа)
Күйдің қалай туылғандығы туралы мынадай шежіре бар. Есімі ел көңілінде ұялаған күйші көрер тірлігін де ақырластырып қалады. Өмірінің соңғы кезінде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көкбалақ
Кербалақ пен Көкбалақ даңқы қатар шыққан тұлпарлар екен. Кербалағы сұлу мүсінді, ойнақтаған қызу қанды, мінезді ат болса керек. Ал Көкбалақ ондай..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көк шыбар ат
Бейсенбі билік басында болған жылдардың бірінде қазақ ортасында болған съезге өзінің тума жылқысы ішінен шыққан таңдаулы көк шыбар атын мініп барады...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көк төбет (І нұсқа)
Бір қойшы бір байдың қойын талай жыл бағып, тышқақ лағын да ит-құсқа бермепті.Өзі өрісте ұйқыдан, түнде күлкіден де ексе емес екен. Мұның сыры..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Көк иірім кеңес
Айтушылардың аңызына қарағанда, Бейсенбі Көк иірім кеңесіне екі рет барған. Бірінші рет барғанда найман-керей ортасындағы жер талас бітімін найман..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті