Жаяу туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 13
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 6
Әңгімелер: 2
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Жаяудың аты – шарық, күші – азық.Бұл мақал ұзақ сапарға шыққанда осы екі нəрседен жапа шекпеу үшін алдын ала дайындық жасап алудың қажет екенін..
©  Түркі халықтары
МАИ-ды жамандаған жаяу қалар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Есекті жолаушы –Есепті жолаушы –Атты жолаушы –Бапты жолаушы –Түйелі жолаушы –Киелі жолаушы –Жаяу жолаушы..
Аттыға жаяу жолдас болмас. 
Асыққан аттыдан асықпаған жаяу озады.
Жаяудың көлігі – шарық,
Күші – азық.
Аттыға жаяу,
Жолай алмас таяу.
Аттыға ерем деп, жаяудың таңы айырылады.
Жаяудың несібесін атты жемес.
Аш отырып,
Ас таңдайды,
Жаяу отырып,
Ат таңдайды.
Аттыға еріп,
Жаяудың таңы айрылыпты.
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.