Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жезөкшеден аяман жұрттың байын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қызметкерлер шыр айналар алдыңда,Креслоң болса ұсынар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Екі орынбасар ерегіссе,Бас инженер бастық болады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Өлген кезінде бәрі жақсы,Жаман адам қайдан шығады?
©  Ермахан Шайхыұлы
Кәйіп қызығын ішкен білер.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ақша – араққа,Тиын – тамаққа.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ресейдің «Волгасы» озғанша,Шетелдің «Вольвосы» озсын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Коррупция шекіспей, бекіспейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жолсерік бірде малды,бірде малсыз.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әр басшының тұсында бір арызқой.
©  Ермахан Шайхыұлы
Саудагерде қырық кісінің ақысы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Адамның басы – мафияның добы.
©  Ермахан Шайхыұлы
Теңгеге қызыққан қыз құшады,Жеңгеге қызыққан құзға ұшады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бір парақор қолға түссе,Қырық парақор түс көреді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйелімнің кеткеніне емес,Құтылғаныма жылаймын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Шағым шын болмаса да,Шымбайға батады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бюрократтардың уайымы бір.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әп-әдемі-ақ қыз еді,Негрге тиіп қор болды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Күйеуінің ішкісі келгенде,Әйелінің тышқысы келеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұры мен сатушы бұйырмағанын жейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
МАИ инспекторының азығы – жолда.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қонақ есіктен,Ұры тесіктен кіреді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Рэкеттен қорыққан,Сауда жасамас.
©  Ермахан Шайхыұлы
Атасы бардың жорғасы бар,Әжесі бардың дорбасы бар.Ағасы бардың «Вольвасы» бар,Тоқалы бардың сор басы бар.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйел аузы сөйлесе,Еркек аузы жоқ болады.
©  Ермахан Шайхыұлы