Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Еріншекке есік те (табалдырық та) асу болар.
©  Түркі халықтары
Батыр соғыста,Қорқақ жанжалда.
©  Түркі халықтары
Құс қанатымен,Ер атымен.
©  Түркі халықтары
Адам болсан елге пайдан тисін, Батыр болсаң жауға найзан тисін
Параны ала білген,Жоғарыға бере де біледі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Офисте оймен ою оймаса да,Мәжілісте сөзбен сызу сызады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Браттан гөрі,Блатың күшті болсын!
©  Ермахан Шайхыұлы
Үш рет депутат болсаң да,Халықтың қарызынан құтыла алмайсың.
©  Ермахан Шайхыұлы
Төрт жылда Парламент жаңа,Үкімет ауысса – қазан.
©  Ермахан Шайхыұлы
Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой,Министрді «сата бер» деп малға қой,Ал халықты қару беріп жауға қой!
©  Ермахан Шайхыұлы
Әкесі байдың –баласы бай.
©  Ермахан Шайхыұлы
Қырық өтірік сайлауда шығады,Шындықты шыңырауға тығады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Үкіметке халықтанCалық қымбат.
©  Ермахан Шайхыұлы
Шенеунік атақ үшін туады,Билік үшін өледі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Барды байлық өлтірер,Жоқты айлық өлтірер.
©  Ермахан Шайхыұлы
Министрдің қанаты – «Мерс».
©  Ермахан Шайхыұлы
Екі тентек таласса,Полицияға «жем» түсер.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жаңа қазаққа сын «ауыр» тиеді,Жаман қазаққа мін «тәуір» тиеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жаңа қазақтың қатыны –шала қазақ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әкімнің иілгені – тынғаны.
©  Ермахан Шайхыұлы
Депутат дауыс жинарда шынығады,Мәжіліс отырысында тынығады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Шолақ шенеунік алып та «жығады»,Шалып та «жығады».
©  Ермахан Шайхыұлы