Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жамылғылы (жан) су болмас,Ауыздықты (ат) арындамас.Бұл мақал əрқандай іске алдын ала дайындалу керектігін ескертіп айтылады.
© Түркі халықтары
Далада бөрі ұлыса,Үйдегі иттің бауыры солқылдар.Бұл мақал жақын адамдарды бір-біріне көмектесуге шақырып айтылады.
© Түркі халықтары
Бір түлкінің терісін екі мəрте соймас.Бұл мақал жақсылық жасаған адамнан тағы да жақсылық талап етпеу үшін арнайы айтылады.
© Түркі халықтары
Құпияның барлығы келінде.(Келіндікінің барлығы құпия).Өйткені жас келін жақсысының барлығын күйеуіне сақтайды деп насихаттайды бұл мақал.
© Түркі халықтары
Бидайдың арқасында бидайық су ішер.Бұл мақал басқа біреудің жақсылық көмегінің арқасында дегеніне жеткен адамға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Тамұқтың қақпасын пəре (тауар) ашар.Бұл мақал ойына алған істі бітіру үшін кез келген адамды пəре беруге үндеп айтылады.
© Түркі халықтары
Құстың балапаны қорқынышты,Иттің күшігі сүйкімді.Бұл мақал əрқандай нəрсе өсе келе басқаша болады деп насихаттайды.
© Түркі халықтары
Жеті басты – жалмауыз.(Бөке – айдаһар, жалмауыз). Ябақулар үлкендерін Бөкə Бұдраж деп атайтындары сияқты, кейбір батырларды да осылай атайды. Бөкə..
© Түркі халықтары
Қалың бұлтты боран айдар,Қараңғы істі пəре ашар.Бұл мақал пəреге сенген адамға айтылады.
© Түркі халықтары
Əмірлерге өкпелеп, əскерлерге сөйлемедік.Бұл мақал біреудің жасаған теріс ісіне өкпелеп, басқа адамға теріс қарайтын жандарға арнайы айтылады.
© Түркі халықтары
Түйенің өзі үлкен болғанымен, құмалағы кішкентай.Бұл мақал өзін үлкен санайтын атақты адамдардың шəкірттеріне арнап айтылады.Үлкендік саған емес..
© Түркі халықтары
Бейтаныс адамнан таныс шайтан жақсы.Бұл мақал таныс адамдардың мерейін көтеріп, оның өзін құрметтеуге арнайы айтылады.
© Түркі халықтары
Тура кеткен киіктің көзінен басқа жарасы жоқ.Бұл мақал ауыр іске душар болып, басқа жандардың əжуасына ұрынған жандарға қаратып айтылады.
© Түркі халықтары
Қорыққан кісіге қойдың басы қосарланып көрінер.Бұл мақал бір нəрседен қатты қорыққан əрі сол уақиғаны ойлағанда есінен тана селкілдеп кететін адамға..
© Түркі халықтары
Шарап болмай тұрып, сірке суы болма.Бұл мақал өзін үлкендердің санатына қосатын жастарға ақыл ретінде айтылады.
© Түркі халықтары