Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Мінер атың айғыр болса,
Түс те қайғыр.
Айғырмен ойнаған тай
Арқасын алдырар.
Тайға мінген,
Тайқарға мінгенге күлмейді.
Алысқа шабар жүйрік бол,
Намысқа шабар жігіт бол.
Жылқы құлыннан өседі,
Теңге тиыннан өседі.
Ұйқымен үйір болсаң,
Ұйқы бағарсың.
Ұйқымен араз болсаң,
Жылқы бағарсың.
Атымның сыры өзіме мәлім.
Табаны тозбас
Тұлпар жоқ,
Қанаты талмас
Сұңқар жоқ.
Қарабайыр қазан ат
Қара жолда қалдырмас.
Қара жолда қалдырып,
Қанатыңды талдырмас.
Иесі келсе
Биесі кісінер.
Құрғақ талқан жегенді
Күлдірме.
Жайдақ атқа мінгенді
Желдірме.
Бала жанды биелер
Құлындарын теппейді.
Бала жанды адамды
Бала айналып кетпейді.
Түлкі түгінен жазады,
Есек жүгінен жазады.
Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
Өзінікін азсынған,
Кісінікін көпсінген
Өз малына ие болмайды.
Шабылмаған жүйрікті,
Шағылмаған бала шапсын.
Жорғаны жорға демесең
Жүрісі атқа жетпейді,
Жемін беріп демесең,
Жолға тастап кетпейді.
Атыңды мақтама,
Жүрісінен жаңылады.
Қатыныңды мақтама,
Жүрегінен қабынады.
Аттың көркі — жал,
Адамның көркі — мал.
Тобан аяқ торыны,
Тойға мінбе, қойға мін.
Құлан аяқ құланы
Қойға мінбе, тойға мін.
Бәйгеге қосар атыңның
Ерін алма, терін ал.
Күреске түсер батырдың
Көңілін жайла, шерін ал.
Атыңа батса алтын ер,
Атып ұр да, отқа жақ.
Тай атқа жеткізеді,
Ат пыраққа жеткізеді,
Пырақ мұратқа жеткізеді.
Жалғыз атты базардан қалмас.
Жалғыз атты, тойға да бармас,
Тойдан да қалмас.
Қашаған ат қасқырға тап болады.
Ұрыншақ ат ұрыға тап болады.