Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  453


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Анама

(әні бар)


Өмірдің жүгін арқалап,
Келесің бізді қалқалап.
Сезілер әркез жүзіңнен,
Перзентке деген махаббат.



Ақылың терең тұңғиық,
Көңілге жүрсің сыр жиып.
Мейірім төгіп анашым,
Жаныма шуақ нұр құйып.


 


Жол тосып күтіп жүрсің бе?
Аманмын апа күрсінбе.
Әлемнің барлық жақсысын,
Жинадың, жақсы жүрсін деп.


 


Қызың боп өстім тұлымды,
Аялап бақтың ұлыңды.
Парызым осы перзенттік,
Арнадым саған жырымды.


 


Ағарған әрбір шашыңнан,
Мейірім шуақ шашылған,
Риясыз күлген жүзіңмен,
Табылшы әркез қасымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу