30.09.2022
  777


Автор: ҰБТ (ЕНТ)

АУСТРАЛИЯ

 


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ



  1. Аустралияның жер көлемі: 7,6 млн шаршы шақырым


 



  1. Ауданы бойынша дүниежүзінде алады: 6 орынды

  2. Ауданы жөнінен ең кіші, ең құрғақ, оңтүстік және шығыс жарты шарда орналасқан материк: Аустралия

  3. «Аустралия» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді: оңтүстік

  4. Аустралия солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр: 3200 шақырымға

  5. Батыстан шығысқа қарай: 4100 шақырымға

  6. Аустралияны қандай мұхиттар шайып жатыр: Тынық, Үнді

  7. Материктің солтүстігінде құрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақ: Карпентарий

  8. Материктің оңтүстігінде құрлыққа сұғына кіріп жатқан шығанақ: Үлкен Аустралия

  9. Материктің оңтүстік шығысында орналасқан: Тасмания аралы

  10. Солтүстігінде орналасқан: Кейп түбегі

  11. Солтүстік шығысында орналасқан: Жаңа Гвинея аралы

  12. Материкті XVIII ғасырда зерттеп, Жаңа Зеландия мен Аустралияның шығыс жағалауын ашып, Тынық мұхитының көптеген мәліметтер берген ағылшын саяхатшысы: Джеймс Кук


 


ШЕТКІ НҮКТЕЛЕРІ



  1. Солтүстікте: Йорк мүйісі 10 о.е, 143 ш.б.

  2. Оңтүстікте: Вильсон мүйісі 39 о.е, 146 ш.б.

  3. Батыс: Стип-Пойнт мүйісі 26 о.е, 113 ш.б.

  4. Шығыс: Байрон мүйісі 28 о.е, 153 ш.б.


 


ЖЕР БЕДЕРІ, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ



  1. Аустралия жер бедерінің негізін алып жатқан платформа: Гондвана

  2. Орталық бөлігін шөгінді жыныстармен жабылған қандай жазық алып жатыр: Орталық жазық

  3. Қатты бұзылуға ұшыраған Үлкен Суайрық жотасы алып жатыр: шығыс жағалауын

  4. Үлкен Суайрық жотасының ең биік нүктесі: Косцюшка (2228 м)

  5. Материктің теңіз деңгейінен ең төмен нүктесі: Эйр көлі (-12 м)

  6. Жер шарындағы ең аласа материк: Аустралия

  7. Аустралияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі: 215 м

  8. Аустралия жағалауында орналасқан әлемдегі ең ірі маржандық құрылым: Үлкен Тосқауыл Рифі


 


КЛИМАТЫ. ӨЗЕНДЕРІ МЕН КӨЛДЕРІ



  1. Аустралия материгінің климаты: құрғақ, ыстық

  2. Материкке мұхит ықпалын азайтады: шығысындағы таулар

  3. Материк қандай климат шегінде орналасқан: солтүстік субтропиктік

  4. Материктің басым бөлігі жатыр: тропиктік климат белдеуінде

  5. Тропиктік климаттық белдеудің неше типі қалыптасқан: 2 типі

  6. Материктің шығыс бөлігінде оңтүстік-шығыс пассаттардың әсерінен қалыптасады: ылғалды тропиктік климат

  7. Тынық мұхиттан көп мөлшерде ылғал әкеліп, үлкен Суайрық жоталарының беткейлеріне жауын-шашын ретінде түседі (1000-1500мм): оңтүстік-шығыс пассаттар

  8. Материктің орталық және батыс бөлігіндегі тропиктік белдеуде байқалады: құрғақ тропиктік климат

  9. Жылдық жауын-шашын мөлшері: 250-300 мм

  10. Жаз айларындағы температура: +30°С

  11. Қыс айларында температура: 15°С

  12. 3 түрлі климат типі қалыптасады: субтропиктік климаттық белдеуде

  13. Субтропиктік ылғалды климат байқалады: материктің шығысында

  14. Қаңтар айының орташа температурасы: +22°С

  15. Шілде айының температурасы: +6°С

  16. Үлкен Аустралия шығанағы маңында таралып, жауын-шашынның аздығымен сипатталады: субтропиктік континентті климат

  17. Оңтүстік батыста қалыптасып, ыстық жаз және ылғалды жаңбырлы қысымен сипатталады: субтропиктік жерортатеңіздік климат

  18. Жылдық жауын-шашын мөлшері: 500-600мм

  19. Тасмания аралы қандай климаттық белдеуде орналасқан: қоңыржай

  20. Көп мөлшерде жауын әкеледі: Батыс желдері

  21. Материктің құрғақ болуына байланысты және тауларында мұздықтардың жоқтығынан: суы мол өзендер өте аз

  22. Материктегі ең ірі өзен жүйесі: Муррей (Дарлинг саласымен)

  23. Муррей өзені қай алапқа жатады: Үнді мұхит

  24. Ішкі шөлді аудандарға тән: уақытша арналар

  25. Аустралиядағы кеуіп қалған өзен арналары аталады: криктер

  26. Материктегі ең ірі көл: Эйр көлі

  27. Көлдердің көпшілігі: ағынсыз, құрғақ кезеңдерде жаңбыр суымен толады

  28. Жер асты суларына өте бай: Аустралия

  29. Жер шарындағы ең ірі Үлкен артезиан алабы орналасқан: Аустралияда


 


 


 


ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ



  1. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгешелігімен ерешелену себебі: басқа материктерден ерте бөлініп кеткендіктен

  2. Эндемик өсімдіктер үлесі: 75%

  3. Жер шарындағы жұмыртқа салушы сүтқоректілердің екі түрі – үйректұмсық пен ехидна сақталған: Аустралияда

  4. Қалталы жануарлар (кенгуру, қалталы борсық, коала, вомбат, тасмания қалталы құбыжығы) мекені: Аустралия

  5. Аустралияда кездесетін жыртқыш аң: Тасмания аралындағы қалталы пері

  6. Шаруашылыққа көп зиян тигізуде: үй қояндары

  7. Құстардан кездеседі: казуар, қарақу, жұмақ құсы

  8. Ылғалды және ауыспалы ылғалды тропиктік қалыптасқан қызыл фералитті топырақта пальма, фикус, папортник өседі: материктің солтүстік-шығысында

  9. Қызыл-қоңыр топырақтарда өсетін эвкалиптті ормандардан тұрады: сирек ормандар мен саванна зонасы

  10. Сирек ормандар мен саванна зонасында тіршілік етеді: кенгуру, эму түйеқұсы

  11. Шөл және шөлейтті зоналары алып жатыр: Аустралияның ішкі бөліктерін

  12. Шөл және шөлейтті зоналары тұрады: мәңгі жасыл тікенекті бұталар – скрэбтерден

  13. Жануарлары: динго иті, вомбат, алып кенгуру

  14. Ылғалды сүбтропиктік ормандары тұрады: эвкалиптер мен буктардан

  15. Биіктік белдеулік байқалады: Аустралия альпісінде

  16. Жер шарындағы ең құрғақ материк, аумағының көп бөлігін (2/3) шөлдер мен шөлейттер алып жатыр: Аустралияның


 


АУСТРАЛИЯ ОДАҒЫ



  1. Аустралия материгін алып жатқан мемлекет: Аустралия Одағы

  2. Астанасы: Канберра

  3. Халқыны саны: 22 млн адам ( 1 км2-2 адам)

  4. Халық тығыз қоныстанған аудандар: материктің шығысы мен оңтүстік-батысы

  5. Аустралияның байырғы халқы: аборигендер

  6. Аборигендер халықтың неше пайызын құрайды: 1%

  7. Аустралия халқының 97,5%-ын құрайды: ағылшын-аустралиялықтар

  8. Қала халқының үлесі: 86%

  9. Аустралияның құрамы: 6 штаттан, 2 аумақтан тұратын федерациялы мемлекет

  10. Ірі қалалары: Мельбурн, Сидней


 


 


ШАРУАШЫЛЫҒЫ



  1. Аустралия өнеркәсібінің негізгі саласы: тау-кен өнеркәсібі

  2. Тау-кен өнеркәсібінің орталығы: Брокен Хил қаласы

  3. Дүниежүзілік бокситтің 1/3-і шоғырланған: Йорк түбегінде

  4. Басты машина жасау орталығы: Сидней

  5. Өсімдік шаруашылығының басты саласы: бидай өсіру

  6. Бидай өсірудің басты аудандары: елдің оңтүстік-батыс бөлігі

  7. Аустралия дүние жүзінде меринос қойын өсіруден және жүн өндіруден алады: бірінші орынды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу