Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  192


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТАУ МIНЕЗI НЕМЕСЕ КӨЛЕҢКЕ ТУРАЛЫ КӨРIПКЕЛДIК

Қысқалығын бойыңның
Көремiсiң бiреуден?
Қисықтығын ойыңның
Түзеймiсiң тiреумен?
Алатауға Қаратау
Түсiрмейдi көлеңке.
Болғың келсе бақша-бау,
Жер өртеме, өн ерте.
Қазағымның жерiне
Аллам ақ нұр құяды.
Бiр тау емес, тегiнде,
Мың тау оған сыяды.
Бiр-бiрiне бұл таулар
Түсiрмейдi көлеңке.
Өз елiңнiң ерi бол,
Содан кейiн бол ерке.
«Менен неге биiк?» деп,
Өзге таудан шошыма.
Өзiңдi елге сүйiктi ет,
Шын биiктiк осы да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу