Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.09.2022
200
МАХАББАТТЫҢ АЖАЛЫ
Кінәлайсың сен мені текке кілең,
Махаббаттың ажалы өкпе білем.
Сүймейтіндер айтпайды «сүймеймін» деп,
Жалақорлау келеді шеттерінен.
Соның басын бастадың сен де, міне,
Сол өкпеден, қайранмын, өнбегі не?!
Махаббат та қызыл гүл үлбіреген,
Мейірін қандыр,
Суын құй,
Шөлдеді ме?!
Ол – асыл дән!
Өнетін бапқа ғана.
Оны солай жаратқан Хақ тағала!
Аяласаң – жеткізер арманыңа,
Аямасаң – жаққаның аққа қара!
Сатылмайды ол ешкімге,
Алданбайды.
Қамаса да қайыспас
Қандай қайғы.
Сондықтан да оған кім сұқтанбайды,
Сондықтан да оған кім таңданбайды?!
Күт сен оны,
Қалайда көктет,
Көгерт!
Өзегіне қоясың көзсіз неге өрт?!
Махаббаттың иіскей бер маңдайынан,
Қолпашыңмен отыр сен күнде демеп!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇