Өлеңдер ✍️

  18.09.2022
  83


Автор: Гүлайша Ерахмет

Адастырмасын

Қате соқтым ба, өмір жолымның есебін?
Қаулатып біраз, қаланың мынау өсегін.
Көңілге жақпай, көзіме жаққан көп жігіт,
Теңімді таппай тентіреп жүрдім неше жыл.
Ойласам бүгін жасшылық екен барлығы,
Түсінбеген көп, түсінгендер аз ал, мұны.
Кінəлі шығар ер мінезділігін жоғалтқан,
Бұл қоғамдағы ер жігіттердің аздығы.
Құлагер көңілім томарға талай сүрінді-ау,
Тұсауда болды ырымдар менен тиымдар.
Қырық жігіт сөз салып қырындағанмен,
Теңіңді табу, жігіт табудан қиындау.
Ол да мұң екен, мұратың ортақ болмаса,
Жанғаны бақтың сүйгенің мəңгі қолдаса.


Некесін бұзды қаншама жастар бұл күнде,
Осының бəрі теңін таба алмау, ойласаң.
Байлық пен айлық махаббаттарды бүлдірді,
Ақылы емес, ақшасы молдау қыз құнды.
Теңін іздемей, жігіт іздейтін жінігіп,
Аяймын іштей, адасып жүрген құрбымды.
Адаспауы үшін ару қыздар мен азамат,
Əрбір қадамын Тəңірге қылдым аманат.
Теңін жолықтыр, тентіретпе енді ешкімді,
Мазалар болсаң шын махаббатпен мазалат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу