Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  89


Автор: Ақылбек Манабаев

АҚ ҚАЙЫҢДАР

Жасыл теңге – жапырағын сыңғыр-сыңғыр қағысқан,
Ақ қойыңдар ақ армандай қол бұлғайды алыстан.
Ақ қайыңдар – сәулетайлар,
Сәукелелі арулар
Сәулелері суда билеп,
Ағынменен жарысқан.
Ақ қайыңдар – қыздар нәзік саусақтары иіліп,
Сайран салып,
Сауық құрған көл бойына жиылып.
Ақ қайыңдар – адал жарлар көкжиектен көз алмай,
Ғашықтарын тұрған күтіп,
Ынтызар боп қиылып.
Ақ қайыңдар,
Сыр айтыңдар,
Сылың қағып, сызылып,
Төсін мөлдір жанарлардан үміт шоғы үзіліп.
Көркемдікке шын құштарлар аялайды сендерді,
Құлпырыңдар,
Күн нұрына ұмтылыңдар тізіліп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу