Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  469


Автор: Тəпей Қайысханұлы

КҮН ҚЫЗАРЫП БАТҚАНДА

Белгісіндей ізгі ардың,
Қызыл арай жүгірген,
Сені ұнатқан қыздардың,
Құдіретіңе жүгінген.
Түседі еске нұр жүзі,
Күн қызарып батқанда.
Тимеген еш өзге ерін,
Өзіңе арнап күй− демін,
Қадап іңкəр көздерін −
Шымылдыққа сүйгенің
Кіріп бара жатқандай
Күн қызарып батқанда.
26 Көңіліңде алаң бар, 
Жер шарына ақ маңдай −
Бір қиығын адамдар
Қанға бояп жатқандай −
Күн қызарып батқанда.
Күнə, ғайбат... қараның,
Көрер бəрін күн анық.
Таңнан соған, қарағым,
Сенен бетер ұялып,
Кететіндей қарамай,
Қысыласың қарадай
Күн қызарып батқанда.
Нұр төгем деп бар жанға,
Нұр төгем деп бəріне де.
Кірпік ілмей бар маңға,
Шаршаған-ау, шар дене,
Талауырар нұр жүзі,
Күн қызарып батқанда.
Бұлтсыз, ашық, тау кеші,
Төгер соңғы нұр майда.
Тіршіліктің əуресі,
Қоза түсер мұндайда,
Күн көз ілсе, сəулесі −
Түсер бəлкім, түнде айға
Десек тағы қимаймыз,
Күн қызарып батқанда.
Түнде өзіңді мазала,
Дей ме оңаша жазала −
Көзін соңғы қадайды
Ертеңіңді таза ауа,
Күтіп ал деп, арайлы
Күн қызарып батқанда.
Жүрегіңмен жылауық,
Ұмтыласың ақ таңға.
Толғанасың бір ауық,
Таяп келе жатқанда,
Күн қызарып батқанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу