Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  93


Автор: Зайда Медеуханқызы

Жүрегіме

Көп салмақ түсірдім-ау жүрегіме,
Дауасыз дәрі емі де, жыр емі де.
Мен саған борыштымын, жазықтымын,
Бір тыныштық бермедім бұл өмірде.
Жарасы жазылмай-ақ тілкім-тілкім,
Азайып бара жатыр ойын-күлкім.
Шерте алмай кейде жүрек сыр пернесін,
Мазалап қайдағы оймен алдым шырқын.
Жүрегім алып-ұшып күнде неге,
Білмеймін асығады бірдемеге.
Өмірде шөлім қанбай тұрады ылғи,
Қанағат таба алмай -ақ ештемеге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу