Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
93
АҚ НӨСЕРДЕН ЖАРАЛҒАН
Мен сені
Алтыннан да асыл көрем,
Өзің бе
Деймін ғұмыр – ғасыр деген.
Мен сені
Жұлдыздардан сəлем айтқан
Ақ нөсерден жаралған жасын дер ем.
Мен сені
Таудағы ақ жауын көрем,
Өзіңдей
Болар қорған – бауыр деген.
Байқамай намысыңа тисе біреу
Өзіңді теңіздегі дауыл дер ем.
Осының бəрі сияр бір өзіңе –
Көктем, жаз, қаһарлы қыс мінезіңе.
...Адам да айнымастан тартып туған,
Таңғажайып табиғаттың бір өзіне!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter