Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  193


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Ортақ арман

Менде бір басылмаған шөл бар:
Бұқтырманың бойында қаталап тұрмын.
Менде бір ашылмаған шер бар:
Бұлт жамылғысындай шапағат-нұрдың.
Етпеттей түсіп өзен жағасына,
Аузымды малып,
жұтып сімірдім.
Қарысып көрдім сезім жарасына,
Бойдағы қуат бітіп, сүріндім.
Көшіп кетуге жол таба алмадым
Атамекенімнен шөлім қанбайтын,
Күллі адамзатқа ортақ арманым:
Қиырға жетсем өлім болмайтын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу