Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  236


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Өтіп жатыр

Күндер кіріп, қан жылап өтіп жатыр,
Түндер тұнып, қалжырап өтіп жатыр.
Айлар ағып, аңырап өтіп жатыр,
Жылдар жылжып, зымырап өтіп жатыр.
Менің қайран уақытым бостан-босқа,
Қай-қайдаға жамырап кетіп жатыр...
...Әйтпегенде, қасымда қатын-балам,
Бір басыма шаңырақ жетіп жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу