Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  90


Автор: Ұлыхан Сұлтанқызы

Наз

(ән сөзі)
Деуші едім өзіңді асыл арманым,
Өршіл сезімді жасыра алмадым.
«Гүлім» деп едің
Күлімдеп едім,—
Демеп ем ғой бұл басылар жалын.
Жамылып,
Еркем,
Аппақ ай түнді
Әнмен елітем жаттап атыңды.
Тағы наз етші,
Тағы мәз етші,
Тағы жаз етші махаббатымды.
Самал таңертең өбеді беттен,
Сен боп, жан еркем,
Келеді көктем.
Тағы жайнашы,
Тағы сайрашы,
Сарқылсын әнің неге жүректен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу