Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  170


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Талыға ма екен құмдар да...

Талыға ма екен құмдар да,
жалыға ма екен жылдар да,
Келеме екен жатқысы
түрегеліп тұрған шыңдар да?
Аспандағы жұлдыздар шаршайма екен қалқудан,
Мәңгіліктің қойнында мұңаяма екен мұңдар да?
Талығам, ал мен жалығам
жалғанның солғын сұрынан,
Шеңбектеймін жүректі қақ болып қатып суынған.
Кеңістігіне кеудемнің найзағай атып шалмасын,
Әлі де нені сағынып құстармен бірге шұбырам.
Сабылам сары далада, сағымға сіңіп сандалам,
Тәңір ме мені шақырған, жындар ма әлде арбаған.
Тартылып кетем талғамсыз түпсіздіктердің түбіне,
Атылып кетем аспанға таласып маған бар ғалам.



15 қараша 2006ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу