Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  90


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Жүре-жүре болдық қой бит құралпы...

Жүре-жүре болдық қой бит құралпы,
Үре-үре болдық қой ит құралпы.
Күле-күле онымыз күлге айналды,
Түре-түре қоңымыз тырдайланды.
Баға-баға қабақты қақпастаймыз,
Аға-аға арнадан таппастаймыз.
Жаға-жаға жеттік пе ағамызға,
Жара-жара ектік те санамызға.
Жылай-жылай өкпе өшіп, көз көрмейді,
Қудай-құдай ендігі сөз кернейді.
Сұрай-сұрай бермесе аяр-ақсың,
Құлай-құлай кетуге даяр-ақсың.
Сен бе мәнді өмірде, мен бе мәнді,
Пенде-пенде осылай, пенде мәңгі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу