Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  430


Автор: Сәруар Қамаева

ӨСКЕМЕНІМ – ӨСКЕН ЕЛІМ

Өскемен Ертіс өзен жағасында,
Бұқтырма бөгені бар сағасында.
Қойнауы толған байлық атырабым,
Алтай мен Тарбағатай арасында.
Қайырмасы:
Өскеменім – өскен елім,
Әсем қала – аймағым.
Өскеменім - өскен елім,
Кенді дала қайнарым.
Өскемен шығысымда шуақ шашқан,
Өнердің ордасы едің әуел бастан.
Кешегі ер Төлеген, Қасымдардың
Ерлігі ұрпағына болған дастан.
Қайырмасы.
Таулы өлке, жеріңді кең аралайын,
Көк желек жамылғанда қарағайың.
Жырақта жүрсем-дағы, сағынғанда
Құстай ұшып келейін, қарамайын.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу