Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  78


Автор: Мақпал Жұмабай

Көңілім-ай кәдімгі

Көңілім-ай кәдімгі
Сәби көзі бөпенің,
Түсінбейді ол өмірдің
Өтірікші екенін.
Өкпелеме ешкімге,
Есіңде ме, күлдіргім?
өкпелейм деп сол күні
Еркелікті бүлдірдің...
Ауып кеткен тау жаққа
Арманы мен аңсары,
Армандағыш жанымды
Тербетші бір,таң сәрі!
Кезе берсін көңілді ал,
Әжептәуір ашуым,
Маған ылғи риза емес
мұңдарымнан қашуым!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу