Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  91


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ҚОШ, АЛМАТЫ

Алматы ақ көрпесін жамылды да,
Ауыр мұңнан бір сәтке арылды да…
Тас көшеде келеді көлік зулап,
Радио үні басады Табылдыға!
Алатаудың дәл бүгін бір түрлі өңі,
Қаланың да қалғандай құр сүлдері.
Алып шаһар, сен бұлай аласарма,
Жұбатарсың, Алматы, мүмкін мені?…
Мүмкін, бақыт күлімдеп шығар алдан,
Мөлдірімдей көзіме тұна қалған.
Өткен түн көшесінде Алматының,
Өзімді-өзім аямай сыбап алғам!
Сыбадым, аясын деп осы Алматы,
Жыладым, жабықтырсам, кеш, Алматы.
Мен ертең аттанамын бұл шаһардан,
Есен бол, қош Алматы, қош, Алматы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу