Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  83


Автор: Есләм Зікібаев

Мен ер жеттім...

Мен ер жеттім,
Бұла боп еркін өстім,
Сұлулықтың сырына елтіп өстім.
Не ғажапты көрсем де көз көрмеген,
Қыр гүліне деген жан құштарлығым
Қалар мəңгі қалпында өзгермеген.
О, достарым, мен дағы өздеріңдей,
Бір сүйсем, мəңгі сүйем өзгерілмей.
Кең далада жайқалған сансыз гүлдер
Мөп-мөлдір моншақтардың көздеріндей.
Зымырап, зулап өтіп барады күн,
Көңілде кейде ұялап қалады мұң.
Сондай сəтте қуантам десең мені,
Əкел бір шоқ хош иіс дала гүлін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу