Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  189


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Айналайын

Қарқаралы, қайда көктің жасындары, қайтейін,
Сенен - бір өрт,
Менен - бір дерт басылмады, қайтейін.
Пенделердің көзіндегі құрты болдың, қайтейін,
Салған өрт пен жанған өрттің жұрты болдың, қайтейін.
Ғаламдағы жалғыз пірім, Қарқаралы-ау, қайтейін,
Сенен - бір шер,
Менен - шемен тарқамады-ау, қайтейін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу