Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  84


Автор: Нұрлан Қалқа

Шаңырағы білімнің

(Ұлттық кітапханаға 80 жыл)
Кітапхана – қазынасы елімнің,
Шаңырағы ғылым менен білімнің.
Зиялылар басын қосқан ақ ордам,
Құтханасы тарихым мен тілімнің.
Ұлтым барда кітапхана бар болар,
Болашаққа нағыз сара жол салар.
Ғылым үшін көздің майын тауысар,
Бұл ордаға ізденімпаз жас толар.
Тəуелсіздік шежіресі – құт мекен,
(Қанша ұрпақ тəлім алып шықты екен?!)
Халқым үшін қызмет еткен сексен жыл,
Ақ ордам да, ұжымы да мықты екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу