Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
136
Ұйқым келмейді...
«Ұйқым келмейді...»
Оралхан Бөкей.
Ұйқым келмейдi,
Уайым тергейдi.
Ар-азап, түнiмен
Тыным бермейдi.
Ұйқым келмейдi,
Сенбегін, сен мейлi.
Мұңлылау жанымды
Кiм келiп емдейдi?
Ұйқым келмейдi,
Айтсам кiм сенбейдi.
Қалып тұр сүлдерiм,
Жұмысым өнбейдi.
Ұйқым келмейдi…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter