Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  89


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тағдыр жүгін келем үнсіз арқалап...

Тағдыр жүгін келем үнсіз арқалап,
Бірде жолым жазық,
Кейде жарқабақ.
Сұлу көрсем жас па әлде, егде ме,
Өтем кейде жалт қарап.
Сұлу мүсін бұйырмайды-ау бәріңе,
Тағдыры ма нұр сыйлаған әріне?
Қартайғанда мен де сендей болсам деп,
Қызығамын сұлу мүсін кәріге.
Сымбаттылық үлесі ме қаныңның?
Жаны сұлу болса деймін, лағылдың.
Тал мүсінің, сұлулығың көк тиын,
Сұлулығы болмаса егер жаныңның.
Жүрегіме мұңымды арттым, сыз арттым.
Мың бір түн бе?
Неге сонша ұзақ тым,
Бұрылдың да жалт қарадың, қысылдым,
Кете бардың,
Қиығыммен ұзаттым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу