Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  131


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Көктемге хат (апама)

Астанада,
Ақ боран үрлеп жатыр,
Өміріңді "Сібірдей" сүр деп жатыр.
Шіркін-ай,
Жылы мекен, жұмақ па екен?
Шымкентте өрік ағаш гүлдеп жатыр.
Сәт-сағатты шегермей, келесі деп,
Құлынды бөлек байлап енесінен.
Жол түссе қымыз ішіп қайтам апа,
Дәм татып наурыздың көжесінен.
Ақ жауыны даланы бүркіп алып,
Жылқы тұрар денесін сілкіп алып.
Дорбама сап беруші ең,
Қайран апам,
Жайып қойған сөреден құртыңды алып.
Томпиып кететінмін ұртым кеуіп,
Сырт жүру тағдырым-ау мүмкін менің?
Қасыңда айлап-жылдап жүрер ме едім,
Ғайыптан оралсаңыз бір күн келіп.
Ұлың солай, жүреді ұрын барып,
Көктем шықса жетермін ұлымды алып,
Ақ жол тілеп тұрасың, білем апа,
Ақша бұлт арасынан күлім қағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу