Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  123


Автор: Сәуле Досжанова

САҒЫНЫШ ӘНІ

І
Өзің жоқта таң атса, күн батпайды
Сағынышым жанымды құндақтайды.
Асыл бейнең жымиып, жылы ғана
Көз алдымда тұрып ап, тіл қатпайды.
Қайырмасы:
Сағындым ғой, сағындым ғой өзіңді,
Сағыныштан жүрек аңсап, езілді.
Кім түсінер менің ғашық жанымды, }2рет
Мынау ғажап, мынау азап сезімді. }2рет
ІІ
Өзіңменен мерейлі екен жан-жағым,
Махаббаттың бақ құсындай самғадым.
Кімге барып, кімге айтармын сөзімді
Сағыныштың әнге айналып тамғанын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу