Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  78


Автор: Бауыржан Үсенов

Сезер емес нөсерді жазғы ауыл жұрт...

Сезер емес нөсерді жазғы ауыл жұрт,
Жайлап жылжып келеді қазбауыр бұлт.
Қарап тұрып төгілер ақ нөсерге,
Бұл сезімнің қарашы маздауын күрт.
Тұр еді ғой көктем иіскеп шөкелеп қыр,
Қырыңдап рауғашқа бетеге өткір.
Үркітіп тентек нөсер тылсым шақты,
Кетті дейсің баурайды төпелеп бір.
Шаң-тозаң жылап ағып гүл үстінен,
Қозықұйрық нөсерді толықты еміп.
Ақ нөсер басылған соң, аң-таң болып,
Танымай қалдым қалың жынысты мен.
Жапырағын тамшыға ерік көміп,
Кетті дейсің дүние көріктеніп.
Бұла жырын нөсердің ақ қағазға,
Мендік сезім жіберді төгіп-төгіп.
Сілкіленіп құлыншақтай күлдіреп қыр,
Басты әнге шоқ тоғайдан бұлбұл өткір.
Қызғалдақ аш белінен құшақтатып,
Жусанға, тап-таза боп үлбіреп тұ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу