Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  87


Автор: Ғалым Әріп

Жүрегімді алып келемін...

Жүрегімді алып келемін:
Бойдағы жігер күшімен
Лаулаған өрттің ішінен,
Алаулы отқа шалдырмай,
Қып-қызыл шоққа жандырмай.
Өлермен болып сүйгенмен
Келемін сақтап күймеуден.
Күйіну тең ғой күйреумен


Өмірден мұны үйренгем.
Жүрегімді алып келемін:
Қуаныштармен жол бастап,
Қасіреттерден қорғаштап.
Қайғыдан қатты күрсінбей,
Соқса да мейлі дүрсілдей,
Болмайды оны жеңбеуге,
Шықтым ғой керіп мен кеуде:
Болашақ үшін терлеуге,
Бақытты қолдан бермеуге


Жүрегімді алып келемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу