Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
215
ДАУЫСЫҢ...
Өзіңсіз талай жыл өтті,
Жаралы жанды мұң өпті.
Көмескі тартпас дауысың,
Санамда бір сәт дір етті.
Ұмытылмапты үніңіз,
Ұмытылса да күніміз.
Жадымыз мықты, біз деген –
Құдайдың құрттай құлымыз!
Патша көңілді паналап,
Сартап сананы сағалап,
Еркелей шыққан наз үнің,
Жүр әлі жанды жаралап.
Сыңғыры сынды күмістің,
Асылы сынды дыбыстың,
Көкейде қалды дауысың,
Дерті боп шыққан тыныстың.
Есімде қалар ол үнің,
Сағыныш пенен толы мұң,
...Даусыңнан сенің қозғалар,
Бақиға кетсем бір күні,
Көнеріп кеткен қорымым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇