Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
260
ЕЛ ДАНАСЫ
Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа
Кең маңдайы кере қарыс,
Бұйра шашы толқындап.
Ой мұхит, өрелі ағыс,
Басқан жері солқылдап.
Қара сөзі жыр дастан боп,
Ақ қағазға төгілді.
Өзіменен сырласқан көп
Көгершін ғып көңілді.
Кірпігі жоқ күлкілері,
Сезімінде сел күші.
Көп алдында іркіледі –
Кішіліктің белгісі.
Ала бұлт жоқ пейілінде,
Үлкен-кіші демеген.
Мәңгі көктем мейірімге
Құдайың да береген.
Жаз дидары шалқып-жанып,
Жылдар жырлап жалғасты.
Кейбір «күшік» шаңқыл қағып,
Балағына жармасты.
Еркелетіп сонда дағы,
Өте шықты «күшім» деп.
Күлімдейді оң қабағы,
Ұлылықты мүсіндеп.
Маңғыстауың бір өзіңмен
Мақатанады әу бастан.
Тұлғалық тұр әр сөзіңнен
Ғасырлармен жалғасқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter