Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  159


Автор: Аллаберген Қонарбаев

МАҢҒЫСТАУЫМ

Маңғыстау арда ауданым,
Ұлан да байтақ кең өлкем.
Топырағыңа аунадым,
Қорғайды мені көлеңкең.
Шықпайды бүгін даусым жәй,
Өзіңмен бағым ашылған.
Жырлаймын сен деп таусылмай,
Балаңмын сен деп бас ұрған.
Маңғыстау – аңыз арманым,
Армансыз адам бола ма?!
Өзің боп көкке самғадым.
Өзің боп түстім додаға.
Атыңды ар ғып арқалап,
Есейіп өстім ер жеттім.
Сан тарау жолдар шартарап,
Маңғыстау болып тербеттің.
«Туған жер – кием» демеген,
Қазақта ешбір ақын жоқ.
Қасиеттісің не деген,
Сен тұрсың махаббатым боп.
Жол шығып қайда барсам да
Сағынам жусан исіңді.
Түскендей әуре-сарсаңға,
Шөліркеп жаным күрсінді.
Маңғыстау, сексен жылдығың
Жігіттік шағың сияқты.
Шырқап тұр шыңға шындығың
Жерұйық мекен шуақты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу