Өлеңдер ✍️
Сен шықтың қырық жасқа биыл, қазақ...
Сен шықтың қырық жасқа биыл, қазақ,
Ғасырлар үнсіз, күнсіз шектің азап.
Қайғылы қара тұман дәуіріңді,
Ойда жоқ көрем деген еркін азат.
Жауларды ұлы Октябрь жалындатты,
Жеңісі бостандықты дабыл қақты.
Азия, батыс, қиыр Ресейдің,
Ленин ортасынан шамын жақты.
Қазақпыз, жеріміз бай, түлігім сай,
Бірнеше қазыналы мүлігім сай.
Табыспен мерекені қарсы алумен,
Мен болдым ірі ұлттардың көбіне тай.
Елімде көсем де бар, шешен де бар,
Бір зат жоқ табылмайтын десем де бар.
Елімде шебер де бар, өнер де бар,
Бәйгі алған шыған жүйрік, өрен де бар.
Саңлақты сансынан нұрын төккен,
Қайнарлы сарқылмайтын терең де бар.
Халық үшін қарсыласып жауын жеңген,
Қайтпайтын кескір алмас берен де бар.
Жақсым юар заманымда боып өткен,
Қалдырып арт жағына өнер төккен.
Күрескен тап жауымен талайларым,
Арманын күн бұрыннан айтып кеткен.
Данышпан Абай сынды даңғыл өтті,
Гүлденген заманымда Жамбыл өтті.
Қазақтың сондай дана ақындары,
Өнерін өшпес мәңгі беріп кетті.
Тәттімбет, Дәулеткерей, Құрманғазы,
Ықылас, Дина, Түркеш өнерпазым.
Айтылған ел аузында көркем шебер,
Шалқытқан заманында күйдің сазын.
Иса мен Біржан-Сара, Ақан серім,
Шоқан мен Амангелді шықты ерім.
Қажымұқан, Балуан Шолақ алыбым бар,
Көтерген жетпіс пұттық ауыр кірін.
Әміре, Күләш сайрап бұлбұл өтті,
Жорғадай құлаш сермеп жылжып өтті.
Сүйікті қазағымның мақтанышы,
Жазылып тарихқа даңқы жетті.
Мұхтар мен Ғабит, Сәбит жазушым бар,
Қаныштай жер қазынасын табушым бар.
Ахмет, Латыф, Мұқан қайраткерім,
Талмайтын, қажымайтын ән шеберім.
Өнері өркендеген кеңге тарап,
Орады Отанымның барлық жерін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇