Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  88


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

Арықтан табылды

Көрші үйдегі семіз жеңгей
Мені көріп, тілге келмей
Жағамнан алды:
-Айт, кәне, қайда қалды?
-Жеңгесі –ау,ол немене?..
-Үйге бүгін келе ме?
-Түсінбедім.
-Біздің үйдің еркегін...
-Жо-жоға, көрмедім.
-Көзің шықсын, білдің бе!..
Апырау, сен сонда
Жұмыстан үйге қарай
Жалғыз өзің жүрдің бе?
-Жоқ,алғашында
-Ағай екеуміз,бірге шықтық.
-Иә, қашан?
-Дәл түсте – бірде шықтық:
-Иә,сосын.
-Сосын, ағай кафеге кетті.
-Эх,онда Катяға кетті.
Әй,ол ит кафеден не таба кетті?
-Енді былай...
Өзіңізге мәлім,
Түсінесіз бәрінАғай ішімдікке жақын.
-Жоқ! Буыменен қырықтың
О жәмман шіріктің
Іздейтіні –қатын!
Сонымен кафеде істейтін,
Кім бар тағы түспейтін?..
Қалима,Салима,
Бағила,Нағима...
Оңбағанның жүрісін!
Сыпырармын бас теріңді!-
Қабақ түйіліп,қас керілді.
Мен осы жайды
Бастан кешкен күніЖеңгей де біраз нүктені
Астан-кестен қылды.
Алдымен кафедегі келіндерін
«Обискілеп» тергеп келді,
Қайсыбірін
Балағаттап жерлеп келді.
Әйтеуір сол жеңгей
Кешкісін үйге терлеп келді.
Қысқасы, біраз «еңбектенді».
***
Жеңгейдің «жоғы»
Ертесіне жарықта табылды.
Дәлірек айтсақБөтелкесін құшақтап,
Арықтан табылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу