Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  166


Автор: Қалбай Әбдіраманов

БІР ҚЫЗДЫҢ САЛҒАН ЖАРАСЫ...

Сұлу да қызды көп көрдім,
Сүйкімді қызды көп көрдім.
Қиналдым қатты бірақ та,
Қайғыңды сенің шеккен күн.
Жазылмай менің кеселім,
Көзімнен тамды саулап—шық.
Шоқ болып мамық төсегім,
Түн бойы шықтым аунақшып.
Атқандай еді жауыңа,
Кірпігің—найза, тебендей.
Қаладың бір от жаныма,
Өртені-іп өлсін дегендей!
Тек жалғыз ғана осыдан,
Ажалым менің жетеді-ау.
Бір қыздың салған жарасы,
Жазылмай енді кетеді-ау?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу