Жаназа: түсінде жаназаның арқасынан жүргенін көрсе—ол адамның дінінің теріс екендігін білдіреді. Өзін табыттың ішінде жатқанын көрген адамның дүниесі көп болады. Егер өзін табыттың ішіне қойылғанын және бір топ адамның иығына көтеріп салғанын көрсе—ол адам салтанатқа ие болып, билікке көтерілетініне жорылады. Ол үшін жылап жатқан адамдарды көрсе—ол адамның өмірінің соңы жақсы болады. Түсте жаназа көру—әрдайым жақсылық пен ұзақ өмірге жорылады. Жаназаның өз отбасынан бірі болғанын көрсе—науқас танысы болса, ауруынан жазылады, ұлды болады деп есептеледі. Өзінің өліп қалғанын көрсе—бақытты ғұмыр кешетінін білдіреді. Егер көршіңіздің өліп қалғанын және оның жаназасын шығаруға дайындалып тұрғаныңызды көрсеңіз—көршіңіздің сізден разы екендігін білдіреді. Түсінде жаназаны көтеріп жүрген адамның қолына мал түседі. Кирманидың көзқарасы бойынша, түсте жаназа көтеріп жүру—діннен алшақтаған адамға жәрдем берудің, ал өзінің табыттың ішінде кетіп бара жатқанын көру—жоғары дәрежеге көтерілудің белгісі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇