Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
147
Жауапты
Жаратушы ойлап тапты
Тамұқ пенен жәннатты.
Сенбі күні топырақты,
Жексенбіде тау мен тасты,
Әмірімен жаратты.
Дүйсенбіде бақша-баудың
Өсуін ол қалапты.
Сейсенбіде құрт-құмырсқа,
Түрлі дертті жолатты.
Сәрсенбіде нұр жауғызып,
Бейсенбіде жәндіктерді
Жер бетіне таратты.
Қасиетті жұма күні
Ол адамды жаратты.
Жүрген аңға аяқ берген,
Ұшқан құсқа қанатты,
Соның бәрін сыйлыққа алған,
Жерде жүрген, көкті білген,
Санасы бар адам ғана
Барлық іске жауапты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇