Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  135


Автор: Шабаз Иманалиев

Жаныма жақсылықты өріп өстім...

Жаныма жақсылықты өріп өстім,
Жасымнан өмір сырын көріп өстім.
Болмай ма біреу олпы, біреу солпы,
Талайын көрдім есер, жарыместің.
Мен аштым барлығына құшағымды,
Дүниеге тұрғын болып туса кімді.
Бәрінен күттім тәтті ізгілікті,
Алдамшы танымадым құсалықты.
Уа, көңіл, ендігіңді әрі алып қой,
Кеудемде талай тәтті жаралыпты ой.
Дүниеде жақсылардан бағыт алып,
Соларға иліксінші нәр алып бой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу