Өлеңдер ✍️
САУЛ
– Көтеріл, аруақ, суыршы көрден басыңды.
Ақ пайғамбар, жолыңа шаштым шашуды.
«Тұр, Самуил! Ал, əне, патша, көзің сал,
Оянды аруақ, елесі алдан ашылды!»
Сылынған еті, сирағы кепкен, ақ сүйек,
Қарасаң оған: қорқыныш, үрей, тақсірет,
Қайыс боп қалған еріннен ұшқан дыбысы
Қайырсыз желдей үңгірден ескен тасты жеп,
Құлады Самуил, емендей жерге құлаған.
Құлағы шалды, күркіреп жетті үн оған:
2
– Кім еді менің ұйқымды ашқан?
Шақырған мені сен бе едің, патшам?
Сүлдемді көріп тұрсың ба мынау?
Қан-сөлсіз дене – тарамыс-құрау!
Мен барған жерде сенің де ертең
Сүйегің қурап, қиылар желкең.
Айтқаным айтқан, бір күнге жетпей
Ұлың мен өзің қатасың сеспей.
Қош енді, патша! Қарамды үздім
Күліміз ертең қосылар біздің.
Саған да, мына еліңе, өктем
Қылыштың бұлты шөгеді көктен.
Беліңде тұрған семсермен ертең
Жүрегіңді өзің етесің тілкім.
Балаң да сенен ұзамас онша,
Көрейін сосын ұрпағың қалса!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇