Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  150


Автор: Марфуға Айтқожина

Білмеймін, əлде кіші, құрбы ма еді?

Білмеймін, əлде кіші, құрбы ма еді?
«Жасырман, Жанарыңыз нұрлы» деді?
Ой толқып, қиял тербеп жүрген кезде,
Сол бір сөз, көкейіме тұнды менің.
Ұғынған жан ғой дедім, жырдың құнын,
Құлақта қалды тұнып, күмбірлі үнің!..
Қайтадан жанарымнан жалын өріп,
Құлпырып,
Кешегідей жүрмін бүгін.
Суырылған болмаса да сөз маманы,
Отырды ол,
Оймен шолып боз даланы...
Белгісі тереңдіктің тегін емес,
Теңіз – ой,
Тек тереңде қозғалады...
Бұл дағы физиканың заңдылығы,
Келесің кешіп сонша, мəнді ғұмыр.
Құраққа қонып қалған таңғы шықтай,
Көңілден айықпайтын,
Қалды бір үн!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу