Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  146


Автор: Кәкімбек Салықов

ҰРАН ЕТКЕН АЛАШТЫ

(Нағашыбай Шайкеновке)
Тынысы жоқ жұмысы көп адамның,
Ардың ісі – жүгін тартса заманның.
Мәңгі бірлік арыстарға жасайды
Мәңгі тірлік қозғалысы ғаламның.
Сондай еді біздің абзал Нағашыбай,
Өсті ешкімнен тақ пен төрге таласпай.
Атамекен Ата Заңын жасасты,
Тірек етіп түп-тамырын Алаштай.
Жер жақсыға болғандай-ақ жүдә зар,
Тоқта десек өршеленіп тілазар.
Шаңқай түсте жайдың оғы түскендей,
Алып кетті ортамыздан сұм ажал.
Ел тілегін, күн талабын тез ұғар,
Зерек еді көкірегінің көзі бар.
«Ұлт дәстүрі Заңнан биік» деп түйген
Зерделі еді мәңгі жасар сөзі бар.
Дербес елге өшпес белгі орнатты,
Жан шырағын жағып әділ жол тапты.
Елбасының еріп жүріп қасына,
Тура сөзін төңірегіне қолдатты.
Ерен тұлға, ерте кеттің өмірден,
Тоқтамай тұр көздің жасы төгілген.
Қош, Нағашыбай, серік болсын иманың,
Асыл бейнең шықпас біздің көңілден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу