Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  73


Автор: Қасымхан Бегманов

Жас тұрды қара көзiмде...

Жас тұрды қара көзiмде,
Сезiндiм шапағатыңды.
Жоғалттым бала кезiмде,
Алғашқы махаббатымды.
Қаншама ғашық қимаған,
Қайыңды жел кеп тербейдi.
Анамыз бiзге сыйлаған,
Бұл өмiр қайтып келмейдi.
Он сегiздегi сезiммен,
Сүйдiм мен қоңыр күзiмдi.
Тағы бiр көктем көзiмнен,
Сағыныш болып үзiлдi.
Көңiлде сыр боп қалатын,
Сағыныш бойды тербейдi.
От болып жүрек жанатын,
Жастық шақ қайтып келмейдi.
Даламның сырлы нұр түнi-ай,
Жаралған бейне арманнан.
Сыйласып өтсек, шiркiн-ай,
Екi рет келмес жалғаннан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу