Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
160
ПӘТШАҒАР
Елеуішке су құямын —
толмайды,
көңіл түбі — шұрық тесік,
сор қайғы,
мен не болсам ол болайын,
пәтшағар,
жырым, сенің жасың ұзақ болғай-ды.
Терезеңді тырсылдатса торғай кеп,
мың күн сынбай, бір күн сынар сорлы әйнек,
мен күл болсам күл болайын,
пәтшағар,
жырым, сенің жасың ұзақ болғай деп.
Далада — қар,
ақ парақтай ақ сонар,
сайланып ап саятта жүр патшалар,
алтайыдан дәмесі бар бәрінің,
жасың ұзақ болғай сенің,
пәтшағар...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter